Андрей Аршавин Қайрат

Андрей Аршавин “Қайратқа” келгенге дейін Ресей футбол құрамасының капитаны болатын. Ол журналистерге берген сұхбатында, қайтып ол құрамға бармайтынын айтты.

“Әрине, олардың конфедерация Кубогындағы, әлем чемпионатындағы ойынын тамашалау қызық болады. Алайда, қандай ойын көрсететіндерін білмеймін. Менің ол құрамадағы пойызым кетіп қалған. Мені алғысы келетін клубтарға барғым келмейді, ал мен қалаған құрамалар мені шақырмайды”,-деді 35-жасар форвард.

Аршавин футболдағы карьерасын әлі аяқтамайтынын мәлімдеді. “Мен футболдан әзірге кетпеймін. Маған ақша керек. Қытайдың құрамасына бірнеше рет шақырған, бірақ келіспедім. Жаттықтырушы да бола алмаймын. Менің мінезім жаман, тез ашуланамын”,-деді Андрей өз сөзінде.

Аршавин “Қайратпен” келісім-шартқа қол қойған 18 наурыз күнінен бастап, отандық құрамада 23 ойын өткізіп, сегіз гол соққан.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!