Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты — Тамара Дүйсенова

Денсаулық сақтау саласын дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-2015 жж.) іске асыру нәтижесінде Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асқанын, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ға, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

0
әлеуметтік қызмет денсаулық

Бүгін Астанада «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау: ұлт саулығын қорғау» тақырыбындағы экономикалық саясат жөнінде Форум өтті. Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Әділет Министрі Марат Бекетаев, Қазақстандағы АҚШ және Канаданың Төтенше және Өкілетті елшілері Джордж Крол мен Шон Стэйл, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович және т.б. қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау саласын дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-2015 жж.) іске асыру нәтижесінде Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асқанын, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ға, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге төмендегенін еске салды. Сондай-ақ, министр биылғы жылы еліміздің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыруқолға алығанын атап өтті.

Айта кетейік, бұл құжат алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады, сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердің әрі қарай толықтырылуына негізделген.

Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің,  Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір басты бағыты – алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz