Қазақстанда лаңкестік қылмысқа берілетін жаза күшейтіледі

Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасын дайындаушылар лаңкестік және экстремистік қылмыстар үшін тағайындалатын жазаны қатайту мақсатында Қылмыстық кодекске 16 түзету енгізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Қылмыскер.jpg
Көрнекі сурет

Қазақстанда лаңкестік диверсия мен осы тектес әрекеттерге жол бергендер 15-тен 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Не өмір бойына бас бостандығынан айрылып, өлім жазасына кесілуі де мүмкін. Оларға қандай жаза тағайындалса да, мүліктері міндетті түрде тәркіленеді.

Қазіргі кезде Мәжілісте талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасаушылар Қылмыстық кодекске жоғарыдағыдай осындай 16 өзгерістер мен түзетулер енгізуді ұсынып отыр.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда мынадай түзету енгізілген: алғашқы кезде 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін міндетті түрде тәркілеу және қауіпті қылмыс қайталанған жағдайда 12-ден 17 жылға дейін түрмеге жабу.

Сондай-ақ, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін бұрынғы 10-15 жылдың орнына қылмыскерлерді 12-ден 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Бұл ҚР Қылмыстық кодекстің 179-ыншы бабы бойынша, яғни билікті күшпен басып алуды және ұстап тұруды насихаттау, ашық үгіттеуге тағайындалатын жаза.

Қылмыстық кодекстің 181-інші және 182-інші баптарының жаңа редакциясында қарулы бүлік ұйымдастырғаны үшін, экстремистік топ құрып, оған жетекшілік еткені не қызметіне қатысқаны үшін тағайындалатын жазаның да мерзімін 12-ден 17 жылға дейін ұзарту қарастырылған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz