Алматыдағы Қанат Ислам қатысатын кәсіби бокс кешінің билеттері 3 қазаннан бастап сатылымға шығады

Қанат Ислам бұл жекпе-жекте WBA Fedelatin чемпиондық белбеуін қорғап, WBO intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасады.

Дереккөз: BAQ.kz
1
Қанат Ислам

Жекпе-жек Алматы қаласындағы 12 мың орындық «ALMATY ARENA» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады.

Шара билеттері 3 қазаннан бастап сатылады.

Қанат Ислам бұл кеште WBA Fedelatin чемпиондық белбеуін қорғап, WBO intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасады.

Патрик жергілікті тілшілерге берген сұхбатында Қазақстанға белбеу үшін баратынын айтқан.

«Қазір күніне 2 рет жаттығу жасап жүрмін. Қанаттан қорықпаймын. Ол небәрі 21 кездесу өткізген. Мен одан қарағанда тәжірибелімін. Кәсіпқой бокста 36 жекпе-жек өткізгенмін. Оның 34-ті жеңіс. Ол маған құрметпен қарау керек. Қанаттың рингте жіберген қателігін мен нокаутқа айналдырамын. Бұл жекпе-жек маған үлкен мүмкіндік. Басты мақсатым, жеңіске жетіп, екі белбеуге ие болу. 29 қазанда ганалықтарды қуантамын! Бұл жекпе-жекке толығымен дайынмын» — дейді ганалық боксшы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

Алга Канат. Казах деп турган жигиттердин бирисингой намысты колдан берме өз жерінде. Сәттілік бауырым

wpDiscuz