Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа қалай орналаса алады?

Қазіргі таңда мүгедек жандарды қоғамның басқа топтарымен теңестіру мақсатында көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Солардың бірі - мүгедектерді жұмыспен қамту.

0

ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеуі тиіс.

Осыған байланысты, мүгедек жандар жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуі керек. Онда мамандық бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты жұмыс болмаған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орнына, қоғамдық жұмысқа жолдайды.

Сондай-ақ, мүгедектер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына басым тәртіпте қатыса алады. Оның шеңберінде оларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, яғни тұрақты және уақытша жұмыс орнына жұмысқа орналастыру бойынша қолдау шаралары көрсетіледі.

Мүгедектік тобын ауыстыру және жұмысқа орналасу үшін тіркелген жердегі емхананың дәрігерлік-консультативтік комиссиясынан жұмыс істеуге рұқсат беру туралы медициналық қорытынды алу керек. Жұмыс жасауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби тұстарын әзірлеу үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіне жүгіну қажет.

Ол жерге қажетті құжаттар:

1. жеке басты куәландыратын құжатты (түпнұсқасы және көшірмесі);
2. халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай анықтамасы;
3. жұмысқа орналасуға қажеттілік туралы дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы;
4. мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

Бұл орайда, Департамент мүгедектік тобын қайта қарастыруы мүмкін.

Мәлімет ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінен алынды. 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz