Қазақстанда автокөлік тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енді

Бүгін, 26 қыркүйектен бастап, елімізде автокөлік тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енетін болады. Жаңа принципке сәйкес еліміз азаматтары үшін автокөлік тіркеу ісі жеңілдеді.

Дереккөз: Егемен Қазақстан
0
көлік машина

Жаңа тәртіп  бір қалада тіркеуде тұрып, басқа қалада жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы. Өйткені, машина сатып алған соң оны тіркеу үшін  ары-бері жүру қажет емес.

Бұдан былай әрбір азамат қай жерде тіркеуде тұрғанына қарамай, көлікті сатып алған қаласында тіркеуіне болады. Егер сіз Алматыда тіркеліп, машинаны Шымкентте сатып алсаңыз, сізге транзиттік нөмір алу қажет емес. Көлікті Шымкентте тіркей аласыз. Ол үшін сізге автокөлік иелеріне арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пункттеріне бару керек.

Жаңа тәртіп Қазақстанда тіркелген жеке және заңдық тұлғалардың бәріне ортақ.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz