Көптеген елдердің басшылары конституцияны өзгерту арқылы билікте қалғысы келеді — Пан Ги Мун

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде көптеген саяси жетекшілер өз азаматтарының мүддесін аяққа "таптап" жатқанына тоқталды. Бас хатшының баяндамасы БҰҰ сайтында жарияланды.

Дереккөз: Central Asian
0
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун

«Біз көптеген елдердің басшыларының билікті сақтап қалу үшін конституцияны өзгертіп, сайлау нәтижелерін бұрмалап, басқа да шектен тыс әрекеттерге барғанының куәсі болдық, — деді Бас хатшы. Олар мемлекетті басқару қызметінің жеке басының меншігі емес, азаматтардың сенімі екенін түсінуі керек. Сіздер өз халқыңызға қызмет етулеріңіз керек. Демократияны шайқауды, елдің табиғи байлығын тонауды, қарсыластарыңды азаптап түрмеге жабуды доғарыңдар».

Пан Ги Мун дипломатиялық этикетті ысырып қойып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шеше алмай отырған мемлекеттерді қатаң сынға алды. Ол әлем елдерінің жетекшілері өз азаматтары алдында жауап беретіндігін, ал халықаралық қауымдастық басқа да мәселелерді шешуге пәрмені жететінін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы қызметін ауыр мұңмен тастап бара жатқанын мәлімдеді.

«Халық пен биліктің арасы алшақтады. Экстремистер халықты бөліп қарауға мәжбүрлеп отыр. Жер біздің әрекетімізге теңіз дауылдарымен, аптап ыстықпен, аяусыз құйындармен жауап береді», — деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік,  Пан Ги Мунның қызмет уақыты 2016 жылдың аяғында бітеді. 1 қағтардан бастап, БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы тағайындалады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz