Майра Амантаева: Жас мұғалімнің жалақысы 50 мың теңге. Ал оның бұл ақшасы қайда жетеді?

21 қыркүйек күні ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласындағы қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысын мың долларға жеткізу бастамасын көтерген болатын. Осы орайда BNews.kz тілшісіне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

Дереккөз: Bnews
10
Майра Амантаева

«Өте орынды, уақытында көтерілген бастама. Әрине, депуттатың бұл ұсынысын қолдаймын. Мемлекет осы салаға көптеген қаржы бөліп отыр. Назарынан тыс қалдырған жоқ. Менің білім саласында еңбек етіп жүргеніме 40 жыл болды. Бұл салада әлі де тиісті шаралар атқарылуы қажет. Олқылықтар бар. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше, елімізде 340 мың мұғалім бар. Оның 61 мыңнан астамы 53-60 жас аралығында. Ал зейнет жасына шыққан ұстаздардың саны 7 мыңнан асады. Сондықтан мұғалім мамандары қартайып бара жатыр десем, қателеспеймін. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, елімізде ұстаздардың тек 60%-ының жеке басында үйі бар екен. Ал қалғандары пәтер жалдап, үй-күйсіз жүр. Бұл мәселе, көбінесе, жас мұғалімдерге байланысты. Бұл – ұстаздардың әлеуметтік жағдайының төмен екендігін көрсетеді. Мысалы, жас мұғалімнің жалақысы 50 мың теңге. Ал оның бұл ақшасы қайда жетеді? Жалдап тұратын үйі, киімі, тамағы және шығындары бар», — дейді кәсіподақ төрайымы Майра Амантаева.

Сонымен қатар, Майра Амантаева жергілік билік өкілдері мұғалімдерді қосымша жұмыстарға тартатындығын айтты.

«Халықтың ұстазға деген көзқарасын өзгерту керек. Мысалы, жергілікті билік өкілдері мұғалімдерді стадиондарды толтыруға, бір керексіз кітаптарды алуға, газет-журналдарды жаздыруға, түрлі шараларға қатыстыруға құмар. Осыдан кейін мұғалімнің беделі қайдан болсын? Тіпті, педагогикалық оқу орындарына да жастардың құлшынысы аз. Себебі, бұл мамандыққа ҰБТ-дан төмен балл алғандар ғана барады», — дейді ол.

Оның айтуынша, елімізде ұстаздар мен дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын қолдауды күшейту қажет.

«Біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін алдымен білім саласына мән беруіміз керек. Себебі, мемлекеттің қуаттылығы оның білім деңгейімен, денсаулық және әлеуметтік жағдайымен өлшенеді. Барлық кәсіпті оқытатын мұғалімдер. Ал бүгінде олардың еңбекақысы өте төмен. Республикадағы орташа жалақының 75%-ы. Білім саласында жұмыс істеп жүрген жандардың 86%-ы әйел азаматтар. Ер азаматтардың үлесі аз. Неге олар бұл салаға бармай жатыр? Өйткені, жалақысы аз. Білімді мұғалімсіз жаңа инновациялық технологияларды меңгермейміз, ұлт жоспарын да жүзеге асыра алмаймыз. Себебі, сауатсыз маман саланы құрдымға жібереді. Сондықтан, мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайын жасауды – бірінші кезекте тұратын мәселелердің қатарына қосу қажет», — дейді Майра Амантаева.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

Қайдағы 50 мың жетпейді, осы айда 46 мың алдым тең жартысын мектепке кетті

Аноним

Қанша алса да сапалы білім берсе болды ғой. Ай, қайдам…… бірақ?….

Анон

Онда отырайық бир 30-40 мыңға бола жұрттың балдарын оқытып, сонда биздин балдарымыз тамақ жемей, киім кимей отыру керек па????

Аноним

Менде мұғаліммін айлығым өз басыма арең жетеді

Аноним

Жас мугалимнин жалакысы 50емес 30мын тенге

Аноним

Өте орынды айтылған

Аноним

Білім министріне сондай жалақы беру керек. Сол кезде ойланар. Қазіргі кезде бала оқытудың қиындығын. Мұғалім болып осындай айлық алмаған адам білім жүйесін қалай басқарып жүргенін

Аноним Салтанат

ОҚО мектептерінде жас еңбек тәжірибесі жоқ жаңадан жұмысқа тұрған мұғалімдердің жалақысы 30 мыңнан басталады. Енді кім мұғалім болғысы келеді? Тек ҰБТ дан төмен бал жинаған жас талапкерлер амалсыздан мамандық алу үшін, ЖОО дипломын алу үшін ғана оқиды…. Жалақыны көтеру қажет…..

Анонимно

Мектепте 30 жылдан артық жұмыс істеген, жоғары білімді,жоғары санатты,екі ставкамен,яғни таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейтін мұғалімнің жалақысы,сынып жетекшілігін қосқанда 154000 мың(Астана қаласы), қалай ойлайсыздар?Тіршілік ету оңай ма?

Гүлзат

Қазіргі замандағы балаларға біліммен қоса тəрбиені қоса беріп жүрген қанша баланың еркелігін көтеріп,оқытып жүрген мұғалім мықты.оның ішінде БАСТАУЫШ МҰҒАЛІМІ нағыз мықтылықты білімді мейірімділікті талап етеді міне солардың жұмысын нағыз жұмыс деуімізге болады отыруынан бастап.киініп шешінуді басынан үйреткен пондаментін құйған сол жандар егер соған жалақысы лайық болса нұр үстіне нұр болар еді

wpDiscuz