Шымкент қаласының тұрғындары қала күнін тойлауда

Бүгінгі таңда еліміздің үшінші үлкен мегаорталығы-Шымкент қаласының "Қала күні" мерекесі жоғары деңгейде атап өтілуде.

0
Шымкент қаласы логотип қала күні

Оған дәлел, өткен аптада Шымқала төрінде түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралар өтті. Айта кетерлігі аталған іс-шаралардың барлығы сүйікті қаламыздың туған күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгін, шаһарлықтар бір апта бойы тойлаған мерекенің соңғы күні болып отыр. Осыған орай, таңертең қаланың барлық саябақтары мен орталық алаңдарында түрлі мәдени концерттер мен спорттық сайыстар өткізілуде. Сонымен қатар, қала аумағындағы атшабарда «Қыз қуу», «Бәйге», «Aударыспақ», «Теңге ілу», «Kөкпар», «Жамбы ату» сияқты ұлттық ат спорты ойындары, «Қoшқар көтеру» секілді қызықты сайыстар өтті. Осы реткі «Қала күні» мерекесіне арналған сайысқа Астана, Тараз қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 100 ден астам спортшылар қатысты.

Мереке көрігін қыздыра түсу үшін «Наурыз» алаңында жемістер мен көкөністерден мүсіндер жасау және ұлттық киім үлгілерінің көрмесі өткізілді.

Шымкент қыз қуу

«Наурыз» алаңындағы мерекелік шаралардың жалғасы көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласады. Думанды кешке отандық танымал өнер жұлдыздары «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас, Серік Ибрагимов және Еркін Нұржанов қатысып, Шымқала түнін әнмен әрлейді. Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласады деп күтілуде.

Шымкент бәйге

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz