БАҚ: Головкиннің келесі қарсыласы Туреано Джонсон болуы мүмкін

Әйгілі The Ring басылымының тілшісі Майкл Вудс мексикалық Сауль "Канело" Альварестің Головкинмен кездесуден бас тартатынын, сондықтан да қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 31 жастағы Туреано Джонсон боуы мүмкін екені жайлы болжам айтты.

0
Головкин

“Жаңа чемпион Сауль Альварестің әрекетінен оның көбірек ақша тапқысы келетінін аңғаруға болады. Ол сондықтан да Головкинмен кездесуден қашуы мүмкін”, – деді тілші.

“Джонсон қазір 31 жаста. Бұл оның ең мықты кезі. Ол IBF тұжырымы бойынша үздік боксшы. Головкин-Джонсон кездесуін сондықтан да жақын арада көріп қалуымыз мүмкін”, – деді автор.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу