Нұрғали Белісбеков: Жиһадшылар террористік актілер жасауы әбден мүмкін

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбековтың айтуынша, Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары бар. Бүгінде олардың арасында радикалды көзқарасқа бой алдырған адамдар аз емес. Әскери дайындығы да жоғары. Сондықтан ондай азаматтар елге қайтіп келгеннен кейін террористік акт жасауы әбден мүмкін, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дереккөз: baq.kz
0
жиһад соғыс

«Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы «Дөңгелек үстел» отырысы барысында Нұрғали Белісбеков осы уақытқа дейін құрықталған террористік әрекеттерді атап өтті. Оның айтуы бойынша, террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған азаматтар да аз емес. Бес жылдың ішінде 445 адам сотталған.

«ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ БІЗ ОНДАЙ АДАМДАРДЫ АРЫ КЕТСЕ, 7 ЖЫЛҒА СОТТАЙ АЛАМЫЗ. БҰЛ — ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЗА. СОНДЫҚТАН ОСЫ МӘСЕЛЕНІ РЕТТЕУ КЕРЕК ДЕП САНАЙМЫЗ»,-ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ Н.БЕЛІСБЕКОВ.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz