Шаңырақ діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығы

2016 жылғы 23 қыркүйекте «Шаңырақ діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының» ашылу шарасы болып өтеді.

3
KMDB ҚМДБ діни басқарма

«Шаңырақ» орталығының жұмысы аясында радикалды және жалған діни ағымдардан зардап шеккен адамдарға білікті мамандар тарапынан көмек көрсетілу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орталықтың маңызды жұмыс бағыты ретінде кең жұртшылық арасында дін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру, кеңес беру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері белгіленіп отыр.

«Шаңырақ» орталығына көмекке жүгінген тұлғаларға оңалту жұмыстары, психологиялық-теологиялық бағдарламаға сәйкес орталықтың мынадай: диагностика; түзету/психологиялық-діни көмек; бейімдеу/оқыту сынды негізгі бағыттары бойынша көмек көрсету қызметтері жүргізіледі.

Орталықтың командасы психология, дінтану, теология, заңгер және т. б. салаларды жетік меңгерген, жоғары білікті мамандардан тұрады.

«Шаңырақ» орталығының қызметі Алматы қаласы Әкімдігі мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) қолдауымен жүзеге асырылады.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ҚМДБ-ның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ және т. б. қатысады.

Өткізу күні және уақыты: 23.09.2016 ж. 11.00-де.
Өткізу орны: «Шаңырақ-1» ауд., Өтемісұлы көшесі, 109.
(«Бекет Ата» мешітінің аумағы)
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
263-25-77, 8707-116-35-41

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

Аллаға бағынуда шек жоқ(Иброхим (а.с.) Аллах разылығы үшін баласын(а.с.) құрбан қылды,бірақ Аллах қаламады(сақтады)),басшыға бағынуда шек бар.Имамадар басшы айтты деп бауырларға(пайғамбарымыздың(с.а.у.) көз жасы болған үмметтеріне(бауырларымызға)) қымым көрсетпеңдер,бұл шектен шығу,қайтыңдар.

Аноним

Басшыға шексіз бағыну ширк болуы мүмкін,сахабалар(р.а.) патшаға бас имеді,бағынды,бірақ шектен қайтты.

Аноним

Шексіз бағынуға лайық болған-Алла,шексіз бағынушы құлы-Иброхим(а.с.) Аллахтың қиын сынағын орындаған кезде Алла оны(а.с.) қайтарды.Сонда да басшыға шексіз бағынасыңдар ма?!Имамдықа залымдықпен(басшыға шексіз бағынып,бауырларға қысым көрсетіп,дінін сатып,бұрмалап) жетуге болатын шығар,бірақ Аллахтың алдындағы дәрижеге залымдықпен емес,шынайы құлшылықпен жетеді!

wpDiscuz