Астанада екі автобустың бағдары өзгерді

№ 14 және 64 қалалық автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

0
Көрнекі сурет

Астанада 20 қыркүйектен бастап Абай даңғылының Пушкин көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №14, 64 бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.

Осылайша, № 14, 64 бағдарлар айналма жолмен жүреді: Кенесары к-сі — Жұбанов к-сі — Абай даңғылы, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша қозғалады.

Кері бағытта бекітілген сызба бойынша Абай даңғылымен жүреді. Бұрынғы қозғалыс сызбасы жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz