Депутаттар мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеруді сұрады

ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Ирина Смирнова қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жазып, оны Үкімет басшысының атына жолдады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

0
Мектеп оқушы мұғалім

Депутаттың айтуынша, Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады.

«Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс», — дейді депутат Смирнова.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz