Тұрғын үй

Жылжымайтын мүлік іздеуге және сатуға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-алаңы 2016 жылдың жаз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең танымал тұрғын үй кешендерінің Екінші онлайн-рейтингін ұсынып отыр. Рейтингте Homsters.kz сайтында жарияланған 350-ден астам тұрғын үй кешенінің ішінен қазақстандықтардың арасында танымал және сұранысқа ие деген жаңа үйлердің тізімі іріктеліп беріліп отыр.

Көктемгі рейтингтегідей бұл жолы да барлық төрт класс бойынша Топ-10-да BI Group компаниясы (8 нысан) мен «Базис-А» корпорациясы (7 нысан) көш бастап тұр. Сонымен қатар түрлі класстағы тұрғын үй тізімдеріне Global Building Contract, «Номад Строй Эк» және Astana Stroy Invest компанияларына қарасты екі-екіден алты нысан енді.

Танымал тұрғын үй кешендеріндегі бір шаршы метрдің ең төмен бағасы үй классына байланысты 210 мың теңгеден басталып («Алмалы» тұрғын үй ауданы) 400 000 теңгеге дейін (ТҮК «Триумфальный») барады.

Рейтинг дайындау барысында Homsters.kz сараптама орталығы онлайн-алаң қолданушыларының белсенділігі туралы мәліметтерді жинақтап, келесі параметрлер бойынша әр нысанға баға берді:

  • kz сайтындағы тұрғын үй кешені парақшасының қаралу саны;
  • kz арқылы тұрғын үй кешендерінің әрқайсысы бойынша девелоперлердің сату бөліміне сатып алушылардан түскен өтініштер саны;
  • Девелопер ұсынысының сатып алушы үшін қаншалықты тартымды болғанын көрсететін конверсия (сатып алушылар жіберген өтінім саны мен тұрғын үй кешені парақшасының қаралым саны арасындағы қатынас).

Барлық үш параметр рейтингке негіз болған бірыңғай интеграл көрсеткішке жинақталды. Рейтингке енуі үшін тұрғын үй кешені зерттеу мерзімінде (маусым-тамыз, 2016 жыл) белсенді сатылу кезеңінде болып, ол туралы ақпарат интернет желісінде жариялануы керек болды.

«Тұрғын үй кешендері танымалдылығының екінші онлайн-рейтингінің ерекшелігі нысандардың жаңаша түрде топтастырылуы болды. Бірінші рейтинг тұрғын үй кешендерін дәстүрлі түрде «эконом», «комфорт», «бизнес», «элит» және «премиум» деп бөлетін құрылыс компанияларының маркетинг стратегияларының негізінде әзірленген болатын. Бұл жолы біз қазіргі қолданыстағы заңнамамен және Тұрғын үй ғимараттары бойынша құрылыс нормалары және ережелерімен қарастырылған I-IV класс аралығындағы топтастыруды негіз ретінде алдық», – дейді Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің басшысы Олеся Мельникова. Сарапшының сөзіне қарағанда, халық әлі де болса тұрғын үй кешендерін топтастырудың жаңа жүйесімен таныс емес, алайда жалпы алғанда ол құрылыс жүргізетін ұйымдар мен сатып алушылар қолданатын жүйеге сәйкес келеді: осыған дейінгі «элит», «премиум» класстары I класстағы, «бизнес» II класстағы, «комфорт» пен «эконом» сәйкесінше III және IV класстағы тұрғын үйлерді білдіреді.

Екінші онлайн-рейтингтің (2016 жылдың жазы) тағы бір ерекшелігі «Халық таңдауы. Қазақстанның үздік тұрғын үйі» жобасы болып отыр. Жаңа жобаның аясында қазақстандықтар танымалдылықтың онлайн-рейтингіне енген 40 нысанның арасынан елдің ең үздік үш тұрғын үй кешенін таңдап алады. Ол үшін келесі аптадан бастап Homsters.kz алаңының арнайы бөлімінде дауыс беру қызметі жұмыс істей бастайды, ниет білдірген кез келген адам өзі таңдаған кешен үшін осы жерде дауыс бере алады. Жоба қорытындысы қазан айында жарық көреді, ал дауыс бергендердің арасында Homsters.kz отбасы болып киноға бару, отбасылық кафедегі кешкі ас және бүкіл отбасыға арналған демалыс секілді сыйлықтар ойнатады.

Қазақстан тұрғын үй кешендері танымалдылығының Екінші онлайн-рейтингі (әр тұрғын үй класы бойынша топ-10)

I класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («элит» және «премиум»)

ТҮК атауыДевелоперҚала
1ТҮК Триумфальный«БАЗИС-А» корпорациясыАстана
2«Нұр Төбе» клуб үйіНұр Төбе ЖШСАлматы
3ТҮК Apple TownWoolim ConstructionАлматы
4ТҮК Exclusive Residence«Exclusive Stroy» ЖШСАлматы
5Нахимов к-дегі таунхаус, 16АлматықалақұрылысАлматы
6ТҮК Royal Gardens«БАЗИС-А» корпорациясыАлматы
7ТҮК Абу-Даби ПлазаAldar PropertiesАстана
8ТҮК Золотая миляGRADUM Development & InvestmentАстана
9ТҮК ӘйгерімАстана-СтройинвестАлматы
10ТҮК Highvill IshimHighvillАстана

II класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («бизнес»)

ТҮК атауыДевелоперҚала
1ТҮК Millennium Park«БАЗИС-А» корпорациясыАстана
2ТҮК Өркендеу«Халық Проект» ЖШСАлматы
3ТҮК Izumrud Residence«РАМС ҚАЗАҚСТАН» ЖШСАлматы
4ТҮК Telmann ParkСҰҢҚАР-777 ЖШСАстана
5ТҮК ШахристанGlobal Building ContractАлматы
6ТҮК Зеленый кварталBI GroupАстана
7ТҮК BI CityBI GroupАстана
8ТҮК England«БАЗИС-А» корпорациясыАстана
9ТҮК Expo Plaza«БАЗИС-А» корпорациясыАстана
10ТҮК Азия Плюс«Строй-Проект» ЖШСАстана

III класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («комфорт»)

ТҮК атауыДевелоперҚала
1«Алмалы» тұрғын үй ауданы«БАЗИС-А» корпорациясыАлматы
2ТҮК КәусарGlobal Building ContractАлматы
3ТҮК Симфония«БАЗИС-А» корпорациясыАлматы
4ТҮК Zodiac«MIDDLEMAN» ЖШСАлматы
5ТҮК Зәм ЗәмNur Astana KurylysАстана
6ТҮК Future Home«Номад Строй ЭК» ҚКАстана
7Gagarin ParkBI GroupАлматы
8ТҮК Времена годаBI GroupАстана
9ТҮК АрнауBI GroupАстана
10ТҮК Promenade EXPOBI GroupАстана

IV класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («эконом»)

ТҮК атауыДевелоперҚала
1ТҮК КамалBI GroupАстана
2ТҮА Лесная полянаGlobal Expert Development GroupАстана
3ТҮК Алтын Орда 2«Astana Stroy Invest» ЖШСАстана
4ТҮК 7-яBI GroupАстана
5ТҮК Есіл«Номад Строй ЭК» ҚКАстана
6ТҮК Алма ТауЭлитстройАлматы
7ТҮК ТехникумSadi GroupАстана
8ТҮК Ақерке-2Астана Сервис Строй МонтажАстана
9ТҮК Шығыс«ИСК «ASI» ЖШСАстана
10ТҮК Алтын Орда 1«Astana Stroy Invest» ЖШСАстана

Осы жылдың көктемінде Homsters.kz Қазақстанда тұңғыш рет тұрғын үй кешендері танымалдылығының онлайн-рейтингін жариялағанын еске сала кетейік. Ол кезде 60-тан астам құрылыс-компаниясының 129 нысаны сараланған болатын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!