Нұрділдә Ораз ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары қызметіне Нұрділдә Ораз тағайындалды. Ол жаңа қызметінде баспасөз саласына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Нұрділдә Ораз

«Маған жүктелген басты міндеттердің бірі — қоғаммен байланыс, ақпарат саласын дамыту және идеологиялық тетіктерді күшейту арқылы xалықтың прокуратураға сенімін арттыру. Журналистикадағы 7 жыл, құқық қорғау органдарындағы 7 жыл тәжірибем мен шетелден алған білімім бұл саланы да қиындықсыз алып кетуге септігін тигізеді деген ойдамын», — деді Нұрділдә Ораз.

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. «31 арна» телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған.

2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2011-2015 жылдары — ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі. 2015 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алуда.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz