ФИФА «Алтын доп» жүлдесін беруді тоқтатады

Француздың France Football журналы Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) әлемнің үздік ойыншысына тапсырылатын «Алтын доп» жекелей наградасы жөніндегі әріптестігін тоқтатты.

Дереккөз: egemen.kz
0
Алтын доп

Басылым сайты мұны 16 қыркүйек күні жазды деп хабарлайды egemen.kz. Футболдағы басты жекелей марапатты тапсырудың жаңа ережелері журналдың 20 қыркүйек, сейсенбі күні шығатын нөмірінде кеңінен жазылады.

ФИФА-ның «Алтын добы» — жылдың қорытындысы бойынша үздік футболшыға тапсырылатын жүлде. Награда 2010 жылы France Football версиясы бойынша анықталатын «Алтын доп» және «ФИФА-ның жыл ойыншысы» атты екі жүлденің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Содан бері жеңімпаз француз басылымы журна­лис­терінің, жаттықтырушылар мен ұлттық құрамалар капитандарының дауыс берулері жолымен анықталып келді.

Айта кетейік, «ФИФА-ның алтын добы» жүлдесін соңғы рет «Барселона» командасының шабуыл­шысы Лионель Месси жеңіп ал­ған еді. Ол бұл атаққа 2009-2012, 2015 жыл­дары бес рет ие болды. Үш марапатты Мадридтің «Реал» командасының фор­вар­ды Криштиану Роналду (2008, 2013, 2014), голландиялық шабуылшылар Йохана Кройфа (1971, 1973, 1974) пен Марко ван Бастена (1988, 1989, 1992), сон­дай-ақ, француздың жартылай қорғау­шысы Мишель Платини (1983-1985 ж.) алған.

France Football — француздың 1946 жылдан бері сейсенбі және жұма күн­дері шығып келе жатқан футбол тақы­ры­бындағы журналы. Басылым «Алтын доп» жүлдесін 1956 жылдан бері тап­сырып келеді. Биыл жүлденің тағайын­дал­ғанына 60 жыл толып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz