Қазақстандық жұлдыздар мәскеуліктерге ұмытылмас кеш сыйлады (фото)

Кеше Мәскеудегі Астана күндері аясында Қазақстан сахнасының жарық жұлдыздары Мемлекеттік Кремль сарайында ұмытылмас кеш сыйлады: қазақ күйлері әуелеп, әлемдік классикалық музыка мен заманауи туындылар орындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Мәскеудегі Астана күні

Шараны салтанатты түрде Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметі министрі, Мәскеу қаласы сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин ашты.

Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ҚР Халық әртістері — Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, «Славянский базар — 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Аиша, «Музарт», «Формат», «Ринго» топтары өнер көрсетті.

Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тұран» эстарадалық-фольклорлық ансамблі мен «Серпер» домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен «Наз» мемлекеттік би театры мен «Шалқыма» халық би ансамблінің ұжымы қазақ халық билерін орындады.

Қазақстандық әзіл-сықақшылар мәскеулік көрермендерге заманауи қазақстандық сатирамен таныстырды.

Сахнаға «А-Студио» тобының шығуы да халыққа ерекше әсер сыйлады.

Мәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күніМәскеудегі Астана күні

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz