Түйе сүтінен алғашқы рет ірімшік жасалды

Атырау облысындағы шаруа қожалықтары түйе сүтінен шұбат қана емес, ірімшік те алып отыр,-деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі

0
түйе сүтінен ірімшік

Бүгінде Атырау облысында 21 мың бастан астам түйе бар екен, бірақ, оның көпшілігі ауыл тұрғындарының қолында. «Бірінші мамыр» қожалығы болса қос өркешті асыл тұқымды 800 бас түйені таза өндірстік бағытта бағып отыр. Осы күнге дейін түйе жүнін, етін және шұбатын тұтынушыларға ұсынып келді. Ендігі кезекте жаңа технологиялардың көмегімен ірімшік те алып отыр.

Атырау түйешілері жыл сайын басқосу өткізіп тұрады. Оған отандық және шетелдік ғалымдар да қатысады. Мәселен, Франциялық ғалым, сарапшы Бернард Файе 40 жылдан бері  түйелердің қадір-қасиетін зерттеумен айналысып келеді. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде соңғы жылдары түйе өнімдеріне сұраныс артқан. Түйе жүнінен тоқылатын киім-кешек, оның диеталық еті, емдік қасиеті мол шұбаты еуропалықтар үшін экзотикалық ас екенін айтады.

Жақында қазақстандық ғалым, сарапшы Гаухар Қоныспаева түйе сүтінен тек шұбат қана емес ірімшік /сыр/ өндіруге де болатындығын дәлелдеді. Оның айтуынша, 10 литр шұбаттан 2 келі таза ірімшік алуға болады. Сондай-ақ бұл – түйе сүтінен жасалған ең алғашқы ірімшік өнімі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz