Қанат Ислам

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы sports.kz хабарлайды. Рейтинг бойынша, бірінші орта салмақтағы (69,9 келіге дейін) боксшымыз Қанат Ислам төртінші орыннан бесінші орынға сырғыды.

Айта кетейік, Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Жекпе-жек 29 қазанда Алматы қаласында өтеді!

Қанат Исламның қарсыласы Ганалық Патрик Аллотей(Patrick Allotey). Кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшы осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізген. 2 рет жеңіліп, 34 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!