Қазақстанның ең көне қалалары

Күні кеше Қазақ хандығына 550 жыл толса, Алматы қаласы өзінің 1000 жылдығын мерекеледі. Қазақ жерінде тамырын тереңге тарқан қалаларға қанша жыл болды?

0
Көне қалалар

Тараз қаласы — шамамен 2000 жыл

Тараз

2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.

Түркістан — шамамен 1500 жыл

Түркістан

Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған.Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар қалның тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.

Отырар қаласы — шамамен 1300 жыл

Отырар

Отырар 8-ғасырдың басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Қала 9-ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. Келесі жылы Отырарға моңғолдар шауып, қаланы қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшыртады. Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе.

Шерғала — шамамен 1300 жыл

Шерғала қаласы

Шерғала (Шерқала) — VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын. Шерғала қазіргі Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған аттас таудың маңында орналасқан. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды.

Сауран — шамамен 900 жыл

Сауран

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Қазіргі кезде Сауран — қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу