Қазақстандықтарға 162,8 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 158,9 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 3,9 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

0
Мемлекеттік жәрдемақы теңге

Бүгінгі таңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 504 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 162,7 мың адам, жасы бойынша 3,6 мың адам алады.

Осы кезеңде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері мүгедектігі бойынша 30 359 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 26 706 теңгені, жасы бойынша 11 887 теңгені құрады.

Одан басқа, 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 23,2 мың адам алады. Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшері артып, сәйкесінше 19 980 және 17 774 теңгені құрады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу