Нұрсұлтан Назарбаев спорттағы әділетсіздіктерге қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Халық арена» жаңа мұз сарайын аралап көру барысында танымал спортшылар: Дмитрий Баландин, Денис Тен және Ислам Байрамуковтармен әңгімелесті. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Нұрсұлтан Назарбаев

Президент спорт саласында әділетсіздік бар екенін, бірақ онымен күресу керектігін айтты.

«Қазақстан өзін спорт державасы ретінде көрсетті. Онда әділетсіздік бар, бірақ не істей аласың. Өмірдегі секілді ол салада да ондайлар болады. Біреулер допинг үшін қатардан шығарылса, өзгелерге рұқсат беріледі. Жалпы, әділетсіздік жайылып барады. Өмірде де солай. Бірақ, күресті тоқтатпау керек. Сәттілік тілеймін», – деді Н.Назарбаев.

Елбасы жүзуден алғашқы жарық жұлдызымыз пайда болғанын айтты.

«Оның (Баландин – ред.) соңынан талайлар ілеседі, балалардың спортпен айналысқанын қалаймын. Мұнда жеңіл атлетика бойынша, Ольга Рыпакова, оның алдында Ольга Шишигина шықты. Ең бастысы, ата-аналар балаларын мектептерге жіберсе болғаны, ол үшін бізде барлық жағдай жасалынған. Қазақстан бойынша, балалар мен жасөспірімдер спорт орталықтары, жүзу бассейіндері ашылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Елбасымен болған әңгімеде Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин барлық спортшыларға көрсетілген барлық қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!