Сайтқа алғаш кіріп тұрсыз ба? Онда FAQ-Көмекпен танысып шығуға кеңес береміз!

"Кекшіл болма, көпшіл бол".Осы мақалды қалай түсінесіздер?

+1 дауыс
363 қаралды

Нақты, дұрыс жауап берген адамға жақсы жауап дайын.

Белгісіз 23.12.2011 сұрақ қойды Қазақ тілі
23.12.2011 өңдеді
Ұнаса достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы Жауап

Кекшіл болма, көпшіл болсаң озарсың,
Әуре болма тарттырам деп сазасын.
Арам ойлы адамдармен жауласпа,
Алла берер ондайлардың жазасын.

Құшағыңа сыйғыза біл ғаламды,
Алалаудан аулақ болғын адамды.
Кешіре біл, тек сүйе бер барлығын,
Тек махаббат жаулап алсын санаңды.

Мін іздеме өзгелердің бойынан,
Кінә іздеуді шығар мүлде ойыңнан.
Ізгі іспенен жақсылықты көре біл,
Сонда ғана айың туар оңыңнан. деп жауап берсемше???????????

Ангелито Мұғалім (2,312 балл) 24.12.2011 жауап берді
24.12.2011 жж таңдады
–1 дауыс

Кекшіл болма,көпшіл бол мағынасы, кек сақтасаң бәрінен айырыласын.ал кек сақтасаң бәрінен айырыласын!!!!!!!

Ерхан Отаралиев Жаңа қолданушы (157 балл) 23.12.2011 жауап берді
+2 дауыс

Адам кекшіл болмау керек, яғни ренжіген адамдарына кек сақтамауы қажет. Адамның кешірімді болғаны дұрыс. Себебі, бұл өмірде кіршіксіз, мінсіз адам болмайды. Барлығы да қателеседі. Сондықтан да адам кешірімді болу крек. Менің ойымша, әр адам кекшіл болып дұшпан тапқанша, кешірімді болып дос тапқаны жақсы!

Мөлдір Амангелдінова Ойшыл (6,894 балл) 24.12.2011 жауап берді
0 дауыс

Менің ойымша біреу сені ұрса ренжетсе т б әрекеттер жасаса сен оған кектенбей қайта онымен достасып өзіңді ғана ойламай қасындағы адамды да ойлап көңілін тауыр ұрыспай жан жақтағы достарынмен көршілеріңмен адамдармен кектенбей жақсы қарым қатынаста болу деп ойлаймын....

Zhanabek Жаңа қолданушы (145 балл) 06.01.2012 жауап берді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

93,650 сұрақ

239,163 жауап

131,926 пікір

42,049 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Қазақ хандығы туралы сериял қашан телеарналарға шығады?


Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Депозит таңдау


Ноутбугім қатты шуылдайды? Не істесе болады?


"Гиннестің рекордтар кітабында" Қазақтың қанша адамы бар?


Әр саусақтың өзіндік бір аты болады.Олар қалай аталады?


Қазақша блогтарды оқып тұрасыз ба?


Күнбағыс майы неден жасалады?


Қоңырау қабылдай алмай отырмын, қалай ретке келтірсе болады?


Стив Джобс туралы қандай дерек білесіз?


19-20 ғасырдағы қазақтардың суретімен бөліссеңіздер?


Көне Түркістан қаласы Әзірет Сұлтан суреттері бар ма?


Жүгірген пайдалы ма? Әлде жүрген пайдалы ма?

Жоғары
...