Сайтқа алғаш кіріп тұрсыз ба? Онда FAQ-Көмекпен танысып шығуға кеңес береміз!

Cүйінші сөзі туралы біраз мәліметтер керек еді?

+1 дауыс
239 қаралды

Достар,маған сүйінші сөзі туралы біраз мәліметтер керек еді...мысалға:сүйінші сөзінің этнолингвистикалық сипаты,басқа елдерде сүйінші сөзін қолданады ма?,сүйінші сөзі кездесетін әңгіме,өлең немесе аңыздар керек және сүйінші сөзі қазір қандай сипатта?)....алдын ала рахмет)

Жадра Каирбек (58 балл) 03.03.2014 сұрақ қойды Салт-дәстүр туралы
Admin 03.03.2014 өңдеді
Ұнаса достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы Жауап

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.

Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сүйінші

Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші кәдесін алатын салт бар. Бұрынғы әдет‑ғұрып заңы бойынша жоғалған қымбат затты тауып, не оның қайда екенін көрсеткен, не ұрыны ұстаған адамдар иесінен сүйінші дәметкен, егер иесі бұны беруден қашқақтаса, биге жүгінуге хақылы болған.

Сүйінші көлемі хабаршының көрсеткен қызметіне және жоғалып табылған заттың бағасына байланысты анықталған. Мәселен, ұрланған малды тауып әкеліп берсе, одан әлгі малдың құнынан жиырмадан бірін, ал ұрыдан тартып алса, бестен бірін, ал ұрының өзін әкелсе, ұрланған малдың жарты құнындай сый алған. Егер хабаршы жоғалған малды көрмей, оның қайда екенің естуі бойынша жеткізсе, құлақ сүйінші алған. Ұры жоғалған малды өзі әкеліп берсе, әрине сүйінші дәметуге хақысы жоқ. Егер жоғалған малды табуға, не ұрының мойнына қойып беруге уәде етіп, сүйінші алған адам, уәдесін орындамаса, алған сүйіншісінің белгілі бір бөлігін қайтаруға тиіс.

Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып келеді.

Сүйінші сұрау. Өте қуа-нышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сү-йінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақ-сы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме. Біреу арқы- лы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көй- лек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік бай- ланған). Сәлемдеме жолау- шының жүгін ауырлатпай- тындай болуға тиіс. Алыс-тағы адамдар бір-біріне та-ныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды. Сірге мөлдіретер. Бие ағытар күні берілген қы-мызды - «Сірге мөлдіретер» деп атайды. Оған ауылдың ақсақалдары, әжелер, ел ағалары шақырылады.

 

 

 

Жанжүрек Кандидат (9,046 балл) 03.03.2014 жауап берді
Жадра Каирбек 15.03.2014 жж таңдады
Улкеен рахмееет)))))
Жадра Каирбек (58 балл) 03.03.2014 пікір қосты
0 дауыс
Jako Профессор (21,997 балл) 15.03.2014 жауап берді
Рахмет,бирак сондай акпарат бизде бар)))
Жадра Каирбек (58 балл) 15.03.2014 пікір қосты

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

93,693 сұрақ

239,213 жауап

131,921 пікір

42,080 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Он мың теңгелік купюрадан ірі купюралар қажет пе?


Осы көк алманың денсаулыққа қандай пайдасы бар екен?


Немістер біздің қымызды өз патенты етып алды?


Өзге ұлт өкілдерімен некеге көзқарастарыңыз қалай?


Қарындасыңызға күнделiктi мектепке қанша теңге берiп отырасыз?


Көз неге тоңбайды? Биологиядан көз туралы


Жанар атты қазақ қызы неден жеңіске жетті?


Қазақ киносы қашан дамиды? Қазақша сериялдар қашан дамиды?


Қазақ хандығы туралы сериял қашан телеарналарға шығады?


Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Депозит таңдау


Ноутбугім қатты шуылдайды? Не істесе болады?


"Гиннестің рекордтар кітабында" Қазақтың қанша адамы бар?

Жоғары
...