Жылқының барлық жасын айтып өтесіздер ме?

+3 дауыс
443 қаралды

Дөнен деген секілді жылқының жасы ше? Осыларды рет-ретімен жазып өтесіздер ме?

HintheF Данышпан (16,272 балл) 17.02.2014 сұрақ қойды Жануарлар
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы Жауап
Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген. Жылқы төлдерін былай бөледі: Құлын (биенің жас төлі), Жабағы (6 айдан асқан құлын), Тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: Құнажын байтал (2 жастан асқаны), Дөнежін шығар (3 жастағы байтал), Дөнежін байтал (3 жастан асқаны), Бесті бие (4 жастан асқаны), Қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие) Кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие) Жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: Құнан айғыр (2 жастан асқаны) Дөнен айғыр (3 жастағысы) Сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны) Бесті айғыр (5 жастағысы) Сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
ulukbek Доцент (11,364 балл) 17.02.2014 жауап берді
HintheF 18.02.2014 жж таңдады
Халқымыз еркек жылқыларды айғыр және саяқ деп екіге бөледі. Үйірге түсетін еркек жылқы айғыр, бес жасқа дейін үйірге салмаған еркек жылқы сәурік деп аталады. Бес жастан асқан, ақталған жылқыны азбан, екі жастан асып, үш жасқа қараған еркек жылқыны құнан, төрт жасқа шыққан еркек жылқыны дөнен дейді.
ulukbek Доцент (11,364 балл) 17.02.2014 пікір қосты

Құлын, Жабағы, Тай, Құнан, Дөнен, Бесті. Әрі қарай жылғының жасын цифрмен айтады. Дөнен 4 жастағы жылқы.

ZhomART2014 Шебер (5,471 балл) 17.02.2014 пікір қосты
Кастрация жасалған (ақталған, піштірілген) еркек жылқыны Сыр бойында "ақта" деп атайды.
ZhomART2014 Шебер (5,471 балл) 17.02.2014 пікір қосты

Жылқы төлдері: 
құлын (биенің жас төлі), 
жабағы (6 айдан асқан құлын), 
тай (1 жастан асқаны) деп атайды. 

Ұрғашы жылқы, яғни байтал: 
құнажын байтал (2 жастан асқаны), 
дөнежін шығар (3 жастағы байтал), 
дөнежін байтал (3 жастан асқаны), 
бесті бие (4 жастан асқаны), 
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие), 
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие), 
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. 

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: 
құнан айғыр (2 жастан асқаны), 
дөнен айғыр (3 жастағысы), 
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны), 
бесті айғыр (5 жастағысы), 
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б. 

Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары: 
ат (піштірілген еркек жылқы), 
сақа ат (11 – 12 жастағысы), 
шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат), 
тұғыр (салт мінуге қолайлысы), 
мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат), 
азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б.

Ерасыл1995 Профессор (21,684 балл) 17.02.2014 пікір қосты
+2 дауыс

Құлын, Тай,  Құнан, Дөнен, 5 -ті 6жас 7жас деп ары қарай айтады

excuse Мұғалім (1,594 балл) 17.02.2014 жауап берді
жабағы қайда?
Nurkhan.. Мұғалім (2,333 балл) 17.02.2014 пікір қосты

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

89,432 сұрақ

222,400 жауап

123,910 пікір

38,946 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Сіздің ойыңызша "Ең үздік қазақ фильмі" деген атқа қай туынды


Тойхана қалай таңдау керек? Тойхана бағасы.


Жиырма (20) жасыңызда Сіз не істедіңіз?


Үштік одаққа ортақ валюта шығатыны распа?


Ұратын бокс қабын үй жағдайында қалай және неден жасауға болады?


Интернет арқылы қай сайттан достар табуға болады?


Танальный крем мен защитный кремнің айырмашылығы барма?


Кәріс көзге ота жасатудың жолдары қалай болар екен?

Жоғары
...