Сайтқа алғаш кіріп тұрсыз ба? Онда FAQ-Көмекпен танысып шығуға кеңес береміз!

question-closed Бидайық деген қандай құс ?

+2 дауыс
181 қаралды
Атам бiзге баяғы кездегi естелiктерiн айтып отырады үнемi. Бiр құсты айтады, көршiмiзде болып едi . Киiк , туйе т.б жануарлардың белiн сындырып құлатушы едi сол деп. Аты бидайық. Ол қандай құс естiген, көргендер бар ма?(суретi болса)
Сұрақтың жабылу себебі: Осы жауаптарда жетерлік :)
*Көркем* Кандидат (10,478 балл) 04.07.2013 сұрақ қойды Жалпы сұрақ
17.07.2013 жапты

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы Жауап

Бидайық  деген жыртқыш құстар тобына жатады. Сұңқар,лашын тектес құс, онша үлкен емес. Киік,түйе сияқты ірі жануарлардың омыртқасын үзуге шамасы келе қоймас деп ойлаймын, ол тұрмақ қоянға да шамасы келуі кәдік-ау. Қосаяқ,суыр сияқты тышқандарды аулап тамақ етеді. Қазақстанның біраз аймақтарында кездесетін шығар деп ойлаймын, Жамбыл обылысында бары анық,талай көргенмін.

Jako Профессор (22,316 балл) 04.07.2013 жауап берді
*Көркем* 05.10.2013 жж таңдады
Көркемжан, мен сіздің атаңыздың не айтқанын білмеймін,өзімнің білетінімді, өзім көріп жүрген бидайық деген құс жайлы ғана жазып отырмын.
Jako Профессор (22,316 балл) 04.07.2013 пікір қосты
Жауабыңызға рахмет Jako аға! Атам асыра сiлтеп отырған жоқ Димаш. Өтiрiк айтпаса керек ,5 уақыт намазын тастамайтын адам ғой . Бiр құсқа бола ұрыспай ақ қояиық. Мумкiн бiлетiндер табылып атамның сөзiн растап қалар. Кутем мен.
*Көркем* Кандидат (10,478 балл) 04.07.2013 пікір қосты
Көркемжан, менің жауабымды атаңа оқып берші, пікірін білгім келеді, мүмкін мен білмейтін нәрселер айтар. Олай болса ерінбей жаз,жарай ма?
Jako Профессор (22,316 балл) 04.07.2013 пікір қосты
Жұдырықтай көкшiл құс дейдi Jako аға! Атамның көршiсiнiң буркiтi болған екен.  Сол буркiтпен аңға салуға шығарыпты бiр күнi,  сонда ұшып бара жатқан  буркiт кенеттен жерге оңбай құлапты. Жугiрiп келiп қараса  қараса екi қанаты да қырқылып қалған екен. Аспанда кiшкене бiр құс ұшып жур дейдi. Кейiн соны аңдып ұзақ уакыттан соң(1-2ай) балапанын асырап алыпты. Сонымен аңға шыға бастапты, балапан улкейген соң. Киiк т.б аңдардың белiн сындырып, құстардың қанатын қиып тусiретiн құс сол бидайық екен.  Адам да , мал да бара алмайтын жерге ұя салады дейдi. Мiне осы айтқаны.
*Көркем* Кандидат (10,478 балл) 04.07.2013 пікір қосты
Атаңыздың айтқандары келіп тұр,бидайық ұясын қия жартастарға салады,әрі таптырмайды. Сондықтан балапандарын табу өте қиын. Ал жаңағы атаң айтқан қасиеттерінен бейхабар екенмін, бірақ құстың сұлбасына қарап киік омыртқасын үзіп жібереді дегенгше сену қиын.
Jako Профессор (22,316 балл) 04.07.2013 пікір қосты
+2 дауыс
Бидайық[2] (лат. Falco pelegrinoides) — сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кездеседі. Таулы-тасты жерлерді, жарлар мен құздарды мекен етеді.
Шәулісінің (қоразының) қанатының ұзындығы 27 — 30 см, салмағы 330 — 350 г, ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу. Арқасы көлденең жолақты сұр, ал бауыры күрең, қызғылт күрең түсті келеді. Төсінде дөңгелек дақтары бар. Бидайықтың лашыннан ерекшелігі: төбесі жирен, көзінің астында ұзынша келген қос қара “мұртшасының” шеті күрең түсті болады. Ұясын биік, тік жартастарға салады, басқа құстардың ұяларын да пайдалана береді. Бидайық оңтүстікте — отырықшы, ал шығыста — жыл құсы. Олар бір рет жұптасып, наурыздың ортасында шәулісі мен ұябасары 1 — 4 жұмыртқаны 30 — 33 күндей кезектесіп басады. Балапандары 1,5 айда ұядан ұшады. Құстарды (бозторғай, кептер, бұлдырық, кекілік, кейде жарқанатты) қорек етеді. Жемтігін ұшып жүріп ұстайды. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген.
Бидайық Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы хайуанатттар паркінде бидайықтың 2 жұбы тіршілік етеді. Бидайық сирек кездесетін құс болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). [3]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B_(%D2%9B%D2%B1%D1%81)
Нурлыбек Оқытушы (3,436 балл) 04.07.2013 жауап берді
0 дауыс
Бидайық деген  құс емес, шөп емес пе,,,,,
ISLAM00 (53 балл) 06.07.2013 жауап берді

96,124 сұрақ

246,313 жауап

134,540 пікір

43,809 қолданушы


Жоғары
...