Үйлену тойына байланысты тілектер бар ма?

ашық 1 жауап 802 қаралды Санаты: Салт-дәстүр туралы
Сұрақты бөлісе отырыңыз:
1

Маған үйлену тойына байланысты тілектер тауып беріңіздерші

1 жауап

2
Қымбатты жас жұбайлар .... - .........!

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пенен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын
Жас жұбайлар одағы бекем болсын.

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Жарнама

Жарнама

84,100 сұрақ

209,661 жауап

119,112 пікір

35,526 қолданушы

...