• Тіркелу

Арықтау үшін не істек керек?

+3 дауыс
3,743 қаралды

Арықтау үшін не істек керек? Бұл менің сұрағым емес. A... қолданушының өтініші бойынша қойып тұрмын.

Ainura* (192 балл) 03.03.2013 Тазалық, Талғам сұрақ қойды
Admin 19.03.2013 қайта ілмектеді
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы Жауап

1. Диета. Серьезный диеталарды ұстай алмасаң тамақты аз жеп, арбуз секілді  арықтауға көмектесетіндерді же.

2.Спорт. Спорт дегенде волейболистка немесе баскетболистка бол демеймін... Күнде таңертең кешке жаттығу жаса. Скакалкамен секір, жүгір, көп қимылдауға тырыс, обруч айналдыр.

3.Йога. Йога жаттығуларының жеңілдерін жаса. Йога арықтауға, жасаруға және де фигураны қалпында сақұтауға (жақсартуға) көмектеседі. Йога жаттығуларын интернеттен қарап көр.

Жалқау болма, ерінбей осы айтылғандарды жасасаң 1-2 айда 10 кг-ға дейін тастауың мүмкін. Қаншалықты арықтағаныңды білу үшін весымен өлшеніп, бастапқыңды жазып, кейіннен тағы өлшеніп  қанша кг арықтағаыңды байқауға болады))) Сәттілік***

Kupidonchik* (4,641 балл) 06.03.2013 жауап берді
Ainura* 08.03.2013 жж таңдады
0 дауыс
http://szh.kz/search?q=%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83 осы жерден қаранызшы!!!
david (2,300 балл) 03.03.2013 жауап берді
әрине тамақты аз жеу керек))))))))))))))))) Қалжың !
Толып кету әр түрлі гармондардың дұрыс жұмыс жасамауынан да болады. Диетологпен кеңесіңіздұрысы!
кәдімгі соданы ал,одан кейін оны суға мысалы 1 кесеге жарты қасық саласында, араластырып майлы жерлерге жағасын
+1 дауыс
қан қысымыңыз төмен болмаса лимон көбірек қолданыңыз деп кеңес бере едім
geofizik_001 (155 балл) 04.03.2013 жауап берді
+1 дауыс
күнде азанда бір кесе айран ішіп тұр, айран адм денесіндегі майларды,көмірсуларды өзіне тартады
Досбол (7,083 балл) 04.03.2013 жауап берді
0 дауыс
Көп қойылған сұрақ ! Семіздік неден пайда болады ? Қозғалыс белсенділігі азайғанда болады ! Үнемі қозғалыста болып жаттығу жаса ! Жүмыс істе !
Жарқын ! ! ! (4,831 балл) 06.03.2013 жауап берді
0 дауыс
Жүгiр,диета ұста,спортпен айналыс.негiзi көп жүгiр денсаулыққа өте-өте пайдалы
nurik adai (72 балл) 13.03.2013 жауап берді
+1 дауыс
Күніне 8 стакан су іш, 7ден кейін тамақ ішпеуге тырыс, тамақты күнделікті уақытта іш. Ыссы тамақты алақаныңа сиятындай іш, бұл нормаға жатады. Осыны сақтасаң арықтайсың. Ең бастысы шыдамдылық керек.
Айнель (319 балл) 13.03.2013 жауап берді
0 дауыс

Арықтау үшін не істек керек? Әубаста толып келе жатқанда өзіңді қолға алып семірмеудің іс әрекетін қылу керек, әбден толып алғасын нестеу керек деп отырмайсың сонда

ako_O (5,123 балл) 13.03.2013 жауап берді
+1 дауыс
арықтаудың ең оңай жолы бұл майлы жерге массаж жасау,укалау деп окыгам массагеттен
МаДрИдТіҢ фАнАтЫ (2,910 балл) 14.03.2013 жауап берді
+1 дауыс
Ішті арықтатудың жолдары
Көптен бері арықтауға ниеттеніп, диетаға отырып, спортпен де айналысасыз. Алайда әлі көзге түсерліктей өзгеріс жоқ. Әсіресе ішті арықтата алмай қойсаңыз, біз бөліскелі отырған сырлармен таныс болыңыздар.

Ең бастысы – спорт            

Өкінішке орай, ішті арықтатудың бір-ақ жолы бар. Ол аянбай, шаршамастан спортпен айналысу. Іштегі артық салмақтан аэробикалық жаттығуларсыз арыла алмайсыз. Артық май кету үшін, оған оттегі қажет, ал аэробикалық жаттығулар кезінде біздің тынысымыз жиілеп, ағзамыз қажетті оттегіні алады екен. Күш жаттығулары бұлшық еттерді берік қылу үшін ішке қажет, алайда олар артық салмақтан мүлдем арылтпайды. Айта кетсек, таза ауадағы  жаттығулар екі есе тиімді болмақ, сондықтан келесі жаттығуларыңызды аулаға шығып жасаңыз.

Дұрыс жаттығулар                 

Дәстүрлі пресс жаттығулары орындалуы қиын болатындығына қарамастан, арықтау үшін бұл жаттығу өте әсерлі емес екен. Мамандардың соңғы зерттеулері бойынша, жарты килограмм майдан арылу үшін пресс жаттығуларын 250 мың рет жасау керек. Әрине бұған уақыт та, күш те жетпес. Бұл жаттығу барысында іштің ішкі бұлшық еті жұмыс істемейді, осы оның тиімділігін кемітеді. Сондықтан дәл осы іштің ішкі бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған жаттығулар қолданыңыз. Мысалы мынандай:

Түзу жерге жатып, қолдарыңызды белдің астына қойыңыз.
Демді ішке алып, ішті барынша сыртқа шығаруға тырысыңыз. Артынан демді шығарып, ішті керісінше ішке қарай барынша тартыңыз.
Осы қалыпта 5-10 секунд болып, ішіңізді босаңсытыңыз. Жаттығуды 8-10 рет қайталаңыз.
Бүкіреймеңіз           

Бұл жаман әдет арқа денсаулығына өте зиян, сонымен қатар эстетикалық жақтан да жағымсыз. Бүкірейген кезде арқаңыз қисық, бойыңыз аласа көрініп, ішіңіз алдыға салбырап кетеді. Сондықтан бұл әдеттен мәңгілікке арылыңыз. Қарапайым, дәстүрлі жаттығуларды жасаңыз: басқа кітап қойып жүріңіз, арқаңызбен қабырғаға жанасып тұрыңыз. Арқаңыз түзу кезде ішіңіз де өзімен-өзі тартылып тұрады.

Тамақтану              

Дұрыс тамақтану жайлы талай айтылса да, әлі де қосарымыз бар. Ішті тек сырттай емес, ішінен де күту керек. Мысалы кейбір тағамдар іш қабынуына алып келіп, қорытылғанда көп газ бөліп, ішіңізді үлкейтіп көрсетеді. Бұршақ тектес тағамдар, орамжапырақ, брокколи, алмұрт, қараөрік, сүт өнімдері, картоп, күріш, газдалған сусындар осындай азықтың қатарында. Әрине бұл тағамдарды мүлдем жемеуге болмайды, алайда келбетіңіз мінсіз болуы керек сәттерде осы тағамдарды шектеңіз. Айта кетсек, термикалық өңдеу бұл тағамдардың осындай жағымсыз қасиетін кемітеді.

Өзіңізге сеніңіз                

Бірден арықтаймын деп күтпеңіз. Арықтау жолында кейде сенімділігіңіз кеміп, кейде қайта сергіп жатасыз. Алайда армандаған мақсатыңызға тек еңбек пен шыдамдылық арқасында жете аласыз. Және әрі қарай да осындай ережелерді өзіңіз үшін өмірлік әдетке айналдырыңыз.
Tanwolpan (1,113 балл) 06.08.2013 жауап берді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Таңдаулы сұрақтар


Балабақша кезекті қалай электрондық үкімет...


Инстаграмды қалай қолданады?


Мұғалім өз құқығын қалай қорғауға болады?


Бетке қара дақ не үшін шығады екен?


Хирург болсам айлығым қанша болады?


Банан қабығының пайдасы бар ма?


Лимон неге шайды ағартып жібереді?


Қол сағатының адам денсаулығына кері әсері...

85,069 сұрақ

211,871 жауап

119,956 пікір

36,323 қолданушы

Кіру

Тіркелу
Сұрақ қою
Онлайн Чат
Құпиясөзді ұмыттым?

Сұрақтар

Жауапсыз сұрақтар
Өзекті сұрақтар
Жақсы жауабы жоқ
Көп қаралған

Санаттар

Ғылым-білім
Денсаулық
Компьютер туралы
Қызықты
Ұялы телефон
Әлеуметтік желілер

Сайт ережесі

FAQ-көмек
Видеонұсқаулық
Басты сайт ету
Ілмектер

Жарнама

Жоба туралы
Кері байланыс
Қазақша Цитата
Аспаз жобасы
Codeo
Қазақша ойындар
Бөліс.кз



...