• Тіркелу

Әдебиет, ана тілі, биология

0 дауыс
4,239 қаралды

Гүлдер туралы жалпы мәлімет, тақпақ, өлең жолдарын, әңгіме, ертегілерді қандай сайттардан табуға болады. Қаншама сайттарды ақтарып шықтым дым жоқ

Макпал Жусупханова (57 балл) 27.07.2011 Кітап, Әдебиет сұрақ қойды
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы Жауап

Гүл туралы жазылған өлеңдерді akberen.com/poems/g/gulder, akzere.wordpress.com/tag/Мұқағали Мақатаев және мәліметтерді malimetter.org сайытынан таба аласыз.
Екпе раушан гүлдері

Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады.Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен б.з.д 2000 жыл.Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей.Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі.Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.
description

Бәйшешек

Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі.Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.

Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді.Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар.Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.

Қызғалдақ

Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған.

Жұпаргүл

Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше деген мағынаны білдіреді.Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.

Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге пайдаланылады.

Нәркес

Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда таралған 60-қа тарта түрі бар.Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі болған деі.Римдіктер соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары нәркестерден жасалған алқагүлдермен қарсы алатын болған.Қытайлықтар осы күнге дейін нәркесті Жаңа жыл салтанаттарында пайдаланады.Осындай тамаша күні осы әсем гүл барлық салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарының басты әшекейіне айналған.

Лаванда

Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары және Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу сөзінен шыққан, бұл лаванданың гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.Лаванданың қымбат тұратын жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол көптеген зиялы адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше маңызға ие болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.

Меруертгүл

Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды.

Түймедақ

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.

Лалагүл

Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.

Сарыгүлдер

Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-ақ бері белгілі.Мысалы, Крит аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде гүлдеп тұрған сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген.Бұл сурететрдің жасы шамамен 4000 жыл.Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайының атына сәйкестендіріліп қойылған.Аңыз бойынша, құдайлардың елшісі Ирида жерге кемпірқосақ арқылы түскен.Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қойған.

Ұлы Ескендір (5,973 балл) 14.08.2011 жауап берді
Ұлы Ескендір 24.08.2011 өңдеді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

87,932 сұрақ

219,000 жауап

122,646 пікір

37,904 қолданушы

Кіру

Тіркелу
Сұрақ қою
Онлайн Чат
Құпиясөзді ұмыттым?

Сұрақтар

Жауапсыз сұрақтар
Өзекті сұрақтар
Жақсы жауабы жоқ
Көп қаралған

Санаттар

Ғылым-білім
Денсаулық
Компьютер туралы
Қызықты
Ұялы телефон
Әлеуметтік желілер

Сайт ережесі

FAQ-көмек
Басты сайт ету
Ілмектер
Қазақша видеолар
Аспаз жобасы

Жарнама

Жоба туралы
Кері байланыс
Қазақша Цитата
Codeo
Ел.кз
Қазақша ойындар



...