Жаңа жылдык жане туылған күнге арналған әдемi әдемi құттықтау сөздер керек еді?

ашық 4 жауап 958 қаралды Санаты: Жалпы сұрақ
Сұрақты бөлісе отырыңыз:
3

Жаңа жылдык жане туылған күнге арналған адемi адемi құттықтау сөздер керек еды, Жаңа жылдык жане туылған күнге арналған адемi адемi құттықтау создердi жазып бере аласыздарма ? Жазып берiңiздершi отiнiш!

4 жауап

3

Сізді Жаңа 2013 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Ізгі тілекпен, (есімің)

2

Көңілдерге көрік берседуман күн,
Жүректерден ағытыларжырлар мың.
Әр адамның бақыты ғой, бақытты,
Жылына бір келетұғын туған күн.
Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай.
Отыз бестің асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Қамал алған құтты болсын жасыңыз
Өрлей берсін, өрге қарай тасыңыз.
Мереке күні, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

1

Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Неістеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!
1
Айнұр, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!

1

Туған күн құтты болсын!
Бірінші- ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші- адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші- тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші- қатарыңда кемелді бол.
Бесінші- берекелі, беделді бол.
Алтыншы- арыстандай айбатты бол,
Жетінші- жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрыңғы жақсылармен теңесті бол.

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Жарнама

Жарнама

82,370 сұрақ

205,462 жауап

117,561 пікір

34,938 қолданушы

...