• Тіркелу

Мұсылманның неше парызы бар?Және оларды атап беріңіздерші...

+1 дауыс
6,919 қаралды Diya Жаңа қолданушы (154 балл) 05.07.2011 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

4 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы Жауап

1.Иманда жетеу олар:
1.Аллаға иман келтіру
2.Періштелерге иман келтіру
3.Пайғамбарларға иман келтіру
4.Кітаптарға иман келтіру яғни илахи Таурат Інжіл Забур Құран
5.Жақсылық жамандық Аллаһтан деп тағдырға иман келтіру
6.Қиямет күніне иман келтіру
7.Өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтіру
2 Исламда бес парыз олар:
8.Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед САУ Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру.
9.Намаз оқу.
10.Зекет беру.
11.Ораза тұту.
12.Қажылық қылу.
3.Намазда он екі
Сыртқы парыздары алтау
13.Дәрет алу.
14.Дене,киім,намаз оқитын жері таза болу.
15.Әурет жабық болу.
16.Құбла тану.
17.Уақыт кіру.
18.Ниет қылу.
Ішкі парыздары алтау
1.Тәкбір тахрима
2.Қиям
3.Қырағат
4.Рукуъ
5.Сәжде
6.Соңғы отырыс
4.Дәретте төртеу
25.Бетті жуу
26.Қолды шынтақпен қоса жуу
27.Басқа мәсіх тарту
28.Аяқты тобығымен қоса жуу
5.Таяммумда төртеу
29.Ниет
30.Таза жер жынысын табу олар құм,топырақ,тас
31.Бетті сипау
32.Қолды шынтақпен қоса сипау
6.Ғұсылда үшеу
33.Ауызда үш рет тамаққа су алып шаю яғни ғар-ғара етіп
34.Мұрын шаю үш рет ашығанша су тартып сіңбіру
35.Дененің барлық жеріне су жеткізіп жуу
36.Жақсылыққа шақыру
37.Жамандықтан қайтару
38.Хайздан тазалану
39.Нифастан тазалану
40.Ілiм алу

Yasin Шебер (5,946 балл) 28.07.2011 жауап берді
Yasin 28.07.2011 өңдеді
+3 дауыс

Ислам діні бес парызға негізделген. Сол үшін адам баласы оның барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола алмайды.

 1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру. Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып табылады: "Лә иләһа иллаллаһ" аудармасы "Аллаһтан басқа тәңір жоқ" ал, мағынасы "Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ".

2 - парыз: Намаз оқу. Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы үшін және мұсылманмен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті.

 3 - парыз: Зекет беру. Зекет дегеніміз - байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті мұсылманнан кедей, кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны айтады.

  4 - парыз: Ораза тұту. Барлық мұсылмандар һижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза тұтады(1). Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы сияқты өздерінің табиғи құмарлықтарымен шәһауаттарынан таң атқаннан күн батқанша тиылады.

 5 - парыз: Қажылық қылу. Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп - белгіленген уақытта ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллаһтың үйі - қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды.

WHO Шебер (5,800 балл) 05.07.2011 жауап берді
Мұсылманның білуге тиіс 40 парызы болады.Сіз атап көрсеткен 5 парыз ол Ислам дініндегі 5 парыз...Яғни сол 40 парыздың 5еуін ғана атап көрсеттіңіз..Иә,көп адамдар осы 40 парыз жайлы мүлдем бейхабар...Сізге терең ой салдым деген үміттемін.Бұл сұрағыма әлі де сізден дұрыс жауап күтемін...
0 дауыс
1. Иман келтіру. Шын жүректен Алланың жалғыз екенін мойындау. Жай ауызбен міндетті сөздерді айтып қана қою емес сол сөздердің мағынасын түсініп, сол сөздер өзіңнің сөздерің болып шын дүректен шығу.

2. Намаз оқу. Намазды Алланың ризалығы үшін ғана оқу қажет. Оны оқу керек екен деп оқи берген намазың қабыл болмайды егер шын жүректен Алланың ризалығы үшін оқымасаң. Сондай-ақ уақыт болмай қалып кеткен намаздарыңның орынын басқа уақытта толықтырып оқу қажет. Күніне 5 мезгіл намаз оқу парыз, бірақ Алланың ризалығы үшін одан да көп қылып оқитын болсаң сауап үстіне сауап аласың.

3. Зекет беру. Сенен жағдайы төмен мұсылман адамдарына жылына бір рет Алланың ризалығы үшін берілетін садақа.

4. Ораза тұту. Күн атқаннан күн батқанша тәннің рахатынан бас тарту. Яғни ішіп-жеу мен жыныстық қатынастардан аулақ болу. Тіпті су ішуге де болмайы.

5. Қажылық жасау. Біздерге жоғарыдағы төрт парыз орындауға міндетті парыз болғанымен осы бесінші парыз орындауға міндетті парыз емес. Егер қажылық жасауға жағдайыңыз жетпесе онда қажылық жасау міндетті емес. Әр кімнен қарыз алып қарызға батып қажылық жасаған керісінше күнә болады. Ал жағдайы жететіндерге қажылық жасау парыз!
aikedoku Мұғалім (2,040 балл) 05.07.2011 жауап берді
Мұсылманның білуге тиіс 40 парызы болады.Сіз атап көрсеткен 5 парыз ол Ислам дініндегі 5 парыз...Яғни сол 40 парыздың 5еуін ғана атап көрсеттіңіз..Иә,көп адамдар осы 40 парыз жайлы мүлдем бейхабар...Сізге терең ой салдым деген үміттемін.Бұл сұрағыма әлі де сізден дұрыс жауап күтемін...
+1 дауыс

Қырық парыздың мағыналарын түсініп, жіктеп-жіктеп білу, әрбір мұсылманның парызы. Сондықтан да жақсылап жатқа білген дұрыс болады екен. Олар: Қырық парыздың 5-і Исламда, 7-і Иманда, 12-і Намазда, 3-і Ғұсылда, 4-і Дәрет алуда, 4-і Тайяммүмде, 2-і Әмір Мағруф Нәхи Мүңкерде, 2-і Хайыз Нифаста, 1-і Білім іздеуде екен.
Олар төмендегілер:
5-і Исламда:
1. Иман- Алланың бір екеніне, Мұхаммед Пайғамбар оның әрі елшісі және құлы екеніне сену.
2. Намаз – Күнделікті бес уақыт намазды өз уақытында орындау.
3. Ораза – Қасиетті Рамазан айында ораза тұту.
4. Зекет- Мал-дүниесінің кірін шығарып тұру.
5. Қажылық – Шамасы жеткен қажыға бару.
7-і Иманда:
1. Алланың барлығына, бірлігіне сену.
2. Періштелерге сену.
3. Бүкіл пайғамбардың барлығына сену.
4. Құран кітаптарға сену.
5. Ахырет күні болатынына сену.
6. Жақсылық пен жамандық Алладан деп сену.
7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.
Намаздағы 12-парыздың 6-ішінде, 6-сыртында болады:
Намаз сыртындағы алтауы:
1. Дәретсіздіктен тазарту.
2. Нәжістен пәк болу.
3. Әурет жабу, яғни кіндіктен тізеге дейін, Ал, әйелдер әуреті-беті, екі қолы, екі аяғы.
4. Уақытын білу.
5. Құбыланы білу.
6. Оқитын намазға ниет ету.
Намаз ішіндегі алтауы:
1. Алғашқы құлақ қағу тәкбірі.
2. Тік тұру.
3. Құран оқу.
4. Рукуғ қылу, еңкею.
5. Сәждеге бас қою.
6. Соңғы отырыс.
Ғұсылдағы үш парыз:
1. Әуелі ауызға су алып, үш рет шаю.
2. Мұрынға су жіберіп, үш рет шаю.
3. Барлық дене, мүшеге иненің ұшындай ашық жер қалдырмай, су тигізіп жуу (үш рет жуу-сүннет амал).
Дәреттегі төрт парыз:
1. Бетті иекке дейін жуу.
2. Қолды шынтақпен қоса жуу.
3. Басты сулы қолмен сипау.
4. Аяқты тобықпен қоса жуу.
Тайяммүмдағы төрт парыз:
1. Ниет ету.
2. Таза жер жынысын табу.
3. Екі алақанды жерге ұрып, бетті сипау.
4. Тағы да ұрып, қолды шынтақпен қоса сипау.
Әмір Мағруф Нәхи Мүңкердегі екі парыз:
1. Адамдарды тура жолға салу.
2. Күнә қисық жолдан қайтару.
Хайыз Нифастағы екі парыз:
1. Хайыз- әйел кісіде айына келетін қан.
2. Нифас – әйел кісі босанғаннан 40 күн бойы келетін қан.
Білім- ғылым іздеудегі бір парыз:
1. Білім – іздеу парыз. Сүйікті Пайғамбарымыз (С.А.У.): «Ілімді Қытайда болса да үйрен және ілімді бесіктен қабырстанға дейін үйрен»,- деген екен. Ал енді біз қышқаша ғана баян еткен бұл кітапта мұсылмандардың ең негізгі құралы болып саналатын намаз жөнінде болды. Осы намазбен біз ұлы Жаратушы Алланың алдында жүздесеміз. Ол бізді көреді, мұның өзі пенде үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, намазды риясыз оқуды нәсіп етіп, оқыған намазымызды қабыл етсін!

Али Алмас Жаңа қолданушы (101 балл) 28.07.2011 жауап берді
Али Алмас 02.08.2011 өңдеді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

87,974 сұрақ

219,080 жауап

122,669 пікір

37,919 қолданушы

Кіру

Тіркелу
Сұрақ қою
Онлайн Чат
Құпиясөзді ұмыттым?

Сұрақтар

Жауапсыз сұрақтар
Өзекті сұрақтар
Жақсы жауабы жоқ
Көп қаралған

Санаттар

Ғылым-білім
Денсаулық
Компьютер туралы
Қызықты
Ұялы телефон
Әлеуметтік желілер

Сайт ережесі

FAQ-көмек
Басты сайт ету
Ілмектер
Қазақша видеолар
Аспаз жобасы

Жарнама

Жоба туралы
Кері байланыс
Қазақша Цитата
Codeo
Ел.кз
Қазақша ойындар



...