Алтын күз туралы тақпақтар керек еді?

+2 дауыс
27,461 қаралды

Алтын күз туралы тақпақтар керек еді?

Прманова Гулназ (58 балл) 04.10.2012 сұрақ қойды Тұлға, Адам
Admin 06.10.2013 өңдеді
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы Жауап

Сәкен Сейфуллин

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.



Күз тақпақ
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


Күз
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Admin Профессор (21,478 балл) 25.10.2012 жауап берді
Admin 30.09.2013 жж таңдады
+2 дауыс

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Даулетияров Мадияр Аға оқытушы (4,447 балл) 25.10.2012 жауап берді
+1 дауыс
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
 
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
 
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
(М. Әлімбаев)

АЛТЫН КҮЗ

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
Nesipgul (57 балл) 04.04.2013 жауап берді
Admin 06.10.2013 өңдеді
0 дауыс

Күз бен Біз
Көңіл шіркін күңіренген күзбенен,
Бірақ жаным содан жылу іздеген.
Ақ параққа қара сия төгілтіп,
Жазылады жүректегі ізгі өлең. 

Еніп кеттім құшағыңа еріксіз,
Болсаң да сен жапырақсыз көріксіз,
Ақын жаны күңіренген өзіңдей,
Күз келбеті біз өзіңе серікпіз. 

Жанға жара бір жапырақ үзілген,
Келем әлі сол баяғы ізіммен.
Уақыт-жүйрік ұстатпайды ешкімге,
Қош келіпсің қауышайын Күзіммен.... 

Күзде туған өлең Авторы НКН көшірмеулеріңізді сұранамын

нұржігіт1997 Оқушы (899 балл) 04.04.2013 жауап берді
Admin 06.10.2013 өңдеді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

89,718 сұрақ

223,048 жауап

124,294 пікір

39,201 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Стив Джобс туралы қандай дерек білесіз?


19-20 ғасырдағы қазақтардың суретімен бөліссеңіздер?


Көне Түркістан қаласы Әзірет Сұлтан суреттері бар ма?


Жүгірген пайдалы ма? Әлде жүрген пайдалы ма?


Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ деген сөз қайдан шыққан?


Жақсы психолог - ол қандай психолог?


Пластик терезелерді қысқа қалай дайындаймыз?


Бифштекс қалай жасауға болады?

Жоғары
...