1
"Алтын күз" атты тамаша шығарма керек, ішінде өлеңі, мақалы болу керек?

жж бар 1 жауап 10877 қаралды Тіл, Сөз

Шығарма алтын күз туралы өте қажет
"Алтын күз" атты тамаша шығарма керек, ішінде өлеңі, мақалы болу керек?

1 жауап

0
Жақсы Жауап

Менің қаламдағы күз
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр.
«Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..»
Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық.
Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті.
Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар күзді «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!
 

Тақырыбы: Алтын Күз
Мақсаты:
1.Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.
2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Өз өнерін көрсету.
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең Күз әнімен)

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын Күз» сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
-Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.

№1.Сембай Аружан
№2.Сәндібек Әсел
№3.Ақатай Орынгүл
№4.Қайырбек Аружан
№5.Әзидолла Гүлназия
№6.Жаңабай Жанерке
№7Орынбасарова Шұғыла
№8.Омар Тілеген

-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын Күз сайысына қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.
-2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 бөлімінде « Қас-қағым сәп» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік,ән би,күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5 бөлімінде
Молшылық Күз - береке Күз
Береке Күз-мерекеміз-дей келе Күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 бөлімінде Күз ханшасы мен ханшайымының биі.Ортаға сайыскерлер
Қорытынды бөлім. Марапаттаулар

Admin (16,874 балл) 28.04.2013 жауап берді
Admin 25.09.2013 жж таңдады
...