Жүйелік тақша дегеніміз не? Жүйелік шина дегеніміз не?

0 дауыс
1,620 қаралды

Жүйелік тақша дегеніміз не? Жүйелік шина дегеніміз не?(happy)

Диляра))))) Жаңа қолданушы (159 балл) 16.09.2012 сұрақ қойды Компьютер құрылыстары
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы Жауап

Жүйелік тақша

Компьютердің негізін қалайтын бөлігі ол жүйелік тақша (main board), басқаша аналық тақша (motherboard) деп аталады. Оған сатып алушылар сөзсіз аз көніл бөлінеді. Себебі қолданушылардың көбісі компьютердің бұл бөлігінің қаншалықты маңызды екендігін білмейтіндігінде.
Орта буындығы сатып алушы компьютерді сатып алар кезде неге көніл бөледі? Біріншіден компьютердің жиілігіне, екіншіден жедел жады мен винчестердің көлеміне, одан әрі қызығушылық танытып қарайтындар шамалы, ал аналық тақшаның мінездемесі мен жиілігіне көніл аударатын қолданушылар мүлдем аз. Егер процессор компьютердің миы болса, онда аналық тақшаныңда маңыздылығы аз емес, ДК-дің функционалды компаненті болып табылады.
Жүйелік тақша барлық компьютерларда орналаспаған. Кейбір ДК-де, әдетте жүйелік тақшада орналасатын элементтер, жүйелік тақшаның разъемдарында орнатылған бөлек кеңейту тақшаларында орналасады – кеңейту слоттары. Бұндай типті компьютерлерде разъемы бар тақшалар біріктіру тақшалары (backplane) деп, ал осындай конструкциялы жүйелік блоктар біріктіру жүйелік блоктары деп аталады.
Біріктіру тақшалары белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді емес тақшада шина разъемдары орнатылады, буфер және дискілі жинақтауышты өңдеуге арналған электрондық схемалар орнатылуы мүмкін. Барлық қалған компаненттер біріктіру тақшасының разъемдарына бекітілетін кеңейту тақшаларында орналасады. Кейде барлық схема бір кеңейту тақшасында орналасады, оны жүйелік тақша немесе аналық карта деп атайды. Бұндай жүйелік карта негізінде жүйелік тақша болып табылады, олар белсенді емес біріктіру тақшасына орнатылады. Мұндай типті жүйе өздерінің жоғары өндірістік жүйелік карталарының қымбаттығына байланысты сирек кездеседі. Олар көбінесе өндірісте танымал болып келеді.
Белсенді біріктіру тақшасында шина контроллеры орнатылған, әдетте онда басқа да компоненттер орналасады. Көпшілік компьютерлердің белсенді біріктіру тақшаларында, көбінесе модульдік процессордан басқа, қарапайым жүйелік тақшаның барлық түйіндері орналасады. Процессорлік модуль – ол орталық процессор және онымен байланысты барлық түйіндер орналасқан тақшаны айтамыз. Процессорлік модулі бар конструкциялы жүйеге басқа процессорды, тек бір ғана тақшаны ауыстыру арқылы, жеңіл орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы көптеген ДК-да белсенді біріктіру тақшалары және жеке процессорлі модулдары бар. Өкінішке орай, процессорлік модулдің басқа жүйелік түйіндермен іс-әрекеттесу әдісінде стандарттың болмауына байланысты, әр фирма өзінің тақшасын шығарады. Нарықта бұндай таршылықтың пайда болуы бұл тақшалардың басқа өндірушілердің толық жүйелік тақшаларынан қымбат болуына әкеп соғады.

Muti~~~ Оқытушы (3,475 балл) 16.09.2012 жауап берді
Диляра))))) 27.09.2012 жж таңдады

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

91,199 сұрақ

227,350 жауап

126,181 пікір

40,242 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ деген сөз қайдан шыққан?


Жақсы психолог - ол қандай психолог?


Пластик терезелерді қысқа қалай дайындаймыз?


Бифштекс қалай жасауға болады?


Сіздің ойыңызша "Ең үздік қазақ фильмі" деген атқа қай туынды


Тойхана қалай таңдау керек? Тойхана бағасы.


Жиырма (20) жасыңызда Сіз не істедіңіз?


Үштік одаққа ортақ валюта шығатыны распа?


Ұратын бокс қабын үй жағдайында қалай және неден жасауға болады?


Интернет арқылы қай сайттан достар табуға болады?


Танальный крем мен защитный кремнің айырмашылығы барма?


Кәріс көзге ота жасатудың жолдары қалай болар екен?

Жоғары
...