Амеба дегеніміз не?Сол туралы толық ақпарат болса.

0 дауыс
2,645 қаралды
Ermuxan96 Мұғалім (1,601 балл) 18.03.2012 сұрақ қойды Биология
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы Жауап

Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән.[1]
Амёбадың көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір клеткадан құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбадың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амёбадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы – дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады. [2]

Пари Ойшыл (8,206 балл) 18.03.2012 жауап берді
Ermuxan96 31.03.2012 жж таңдады
+2 дауыс

Амеба- қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі.
description

( Гаухар ) Шебер (6,494 балл) 18.03.2012 жауап берді

Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

91,047 сұрақ

226,796 жауап

125,932 пікір

40,126 қолданушы

Таңдаулы сұрақтар


Қазақ хандығы туралы сериял қашан телеарналарға шығады?


Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Депозит таңдау


Ноутбугім қатты шуылдайды? Не істесе болады?


"Гиннестің рекордтар кітабында" Қазақтың қанша адамы бар?


Әр саусақтың өзіндік бір аты болады.Олар қалай аталады?


Қазақша блогтарды оқып тұрасыз ба?


Күнбағыс майы неден жасалады?


Қоңырау қабылдай алмай отырмын, қалай ретке келтірсе болады?


Стив Джобс туралы қандай дерек білесіз?


19-20 ғасырдағы қазақтардың суретімен бөліссеңіздер?


Көне Түркістан қаласы Әзірет Сұлтан суреттері бар ма?


Жүгірген пайдалы ма? Әлде жүрген пайдалы ма?

Жоғары
...