Логикалық ойындар немесе есеп, сұрақтар керек еді?

+5 дауыс
45,597 қаралды

Логикалық ойындар немесе есеп, сұрақтар керек еді?

Dana E.S. 26.02.2012 сұрақ қойды Қызық сұрақтар
Admin 26.03.2013 санатын ауыстырды

10 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы Жауап
  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
  2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
  3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
  4. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
  5. Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?
**Айс** 26.02.2012 жауап берді
Dana E.S. 28.02.2012 жж таңдады

Жауаптары
1.Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы
2.Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан
3.Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген
4.Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған
5.Көпірден қол шамысыз өтуге болмайды, қол шамын алыстан лақтыруға болмайды және бір-бірін көтеруге болмайды.

**Айс** 26.02.2012 пікір қосты

рахмеееет.....)

Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты

Дана мен саған жауабын айттым,егер ұнап жатса жақсы жауапты басарсың!

**Айс** 26.02.2012 пікір қосты

Айсара жауабын тортеуин тусиндим 5 тусинбедим.киын болмаса тусиндирип жиберсен

kazak-kz 4.03.2012 пікір қосты
5)кери кайтады
talant tagibaev 23.11.2013 пікір қосты
+4 дауыс

Мысалғы менде 8 бильярд шары бар. Пішіндері барлығы бірдей Тек біреуінің салмағы жеңіл. Таразыға тек қана екі рет өлшеу арқылы салмағы жеңіл шарды қалай табуға болады.)

Бір бала 26.02.2012 жауап берді

таба алмадым... Жауабы қандай екен?

Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты

тағы ойланыңыз мен осы сұрақты естіген соң жарты күн соны ойлап жүрдім. Соңында нәтижелі болды

Бір бала 26.02.2012 пікір қосты
жауабы қандай?
амангалиева 24.05.2013 пікір қосты
8/3=3,3,2                                                                                                                екеуін таразыға саламыз 1-еуі жеңіл сол жеңіл бильярд шары
Жумагалиев Адлет 27.05.2013 пікір қосты
Үш-үштен өлшейміз.Егер тең болса қалған екеуін өлшейміз.
Тең болмаса 1-1 өлшейміз.Бұл жағдайда тең болса,жеңіл шар өлшенбегені болады.
Нұрғазы Бейбарыс 6.01.2014 пікір қосты
+2 дауыс

Мына форумнан қарап көріңіз.

Amigo 26.02.2012 жауап берді

қандай форум (ссылка) болса жібре аласыз ба? өтініш...

Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты

Жоғарыдағы "Мына" деген сөздің үстіне басыңыз.

Amigo 26.02.2012 пікір қосты

көп-көп рахмет!

Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты
оқасы жоқ
амангалиева 24.05.2013 пікір қосты
+2 дауыс

Сызде 6 жумыртка бар. Сковороткыге тек 4 жумыртка гана сяды. 1 жумыртканын быр жагы 30 секунтта куырылады. Сыздын 1 минут 30 секунт гана уакытыныз бар. Сыз 6 жумыртканы калай куырасыз?

Erlan_makshatov 26.02.2012 жауап берді

егер қиын болмаса жауаптарымен бірге жазып жіберсеңіздер, себебі мен логикалық амал не есептерді жинап жүр едім... алдын ала рахмет)

Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты
+2 дауыс

1.Тауықты таразыға бір аяғымен тұрғанда өлшегенде 3кг,ал екі аяғымен тұрғанда неше кг болады?
2.Бес майшам(свечья) жанып тұр оның 2 сөндірсек,неше майшам қалады?

D.Akmaral 26.02.2012 жауап берді
  1. Екі аяғымен тұрса да бір аяғымен тұрса да сол 3 кг болады...)
  2. 5 майшам қалады...)
Dana E.S. 26.02.2012 пікір қосты

2.жауабы:2майшам қалады*)

D.Akmaral 26.02.2012 пікір қосты

массасы өзгермейді, барлық май шам өшеді

Ерсін 2.03.2012 пікір қосты
Біріншісінің жауабы 3кг болады
aiasdf 20.10.2012 пікір қосты
екі аяғымен тұрса да 3кг    2 майшам қалады
Жумагалиев Адлет 27.05.2013 пікір қосты
+2 дауыс
  1. Теректе 9 алма болды, біраз уақыт өткеннен кейін жерге 3 алма түсті...Сонда қанша алма қалды?
  2. Жаңадан туылған негір баласының тісінің (цветі) түсі қандай болады?
Мөлдір Амангелдінова 1.03.2012 жауап берді
  1. 6 алма
  2. Әрине, ақ болады)
~Zilola~ 1.03.2012 пікір қосты

1)Теректе алма өспейді
Ал 2)Жаңадан туылған балада тіс жоқ

Belgisiz perishte 1.03.2012 пікір қосты

Белгісіз періштенің жауабы өте дұрыс!)

Мөлдір Амангелдінова 1.03.2012 пікір қосты
біріншіден теректе алма өспейді
kaaaaanaaatyk 14.06.2013 пікір қосты
+1 дауыс

логикалык сұрақ: Тал неге құлайды?

boss =) 29.11.2012 жауап берді
Жерге құлайды
mikon) 6.04.2013 пікір қосты
3.02.2015 өңдеді
0 дауыс

5ШІ есепте көпірден өтпей-ақ қойсын,үйіне қайтсын хе-хе-хе-хехsmiley

Tokmeilova 24.05.2013 жауап берді
әке мен ана барады 2 мин,әке қайтады 1 мин,бала мен әже 10 мин, ана қайтады 2 мин, әке мен ана 2 мин. Барлығы 17 мин
Жумагалиев Адлет 27.05.2013 пікір қосты
+2 дауыс
1. Профессор кешкі сағат 8 –де ұйықтап , сағатының қонырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?

2. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды?

3.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?

4.Түнгі қарауыл күндіз қайтыс болыпты. Оған зейнетақысын бере ме?

5.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қай бұтаның арасында отырады?

1 маусым 2012, 11:35

Қызықты логикалық жұмбақтар

жазған: Narkez
37061
69

Логикалық жұмбақтар:

1)мысық-3
әтеш-8
есек-2
бақа-3
көкек-4
ит-?

2)Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?

3)Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде?

4)Бір қыз отыр.Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз.Ол қай жерде отыр?

5)Сіз доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?

6)Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты?

7)Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?

8)Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр.Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр.Жолға айдың жарығы жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын.Ер адам қара киімде болатын.Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады.Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді.Жүргізуші оны қалай көрді?

9)
Мына теңдікті түсіндіріңіз.
Ерасыл Мирханулы 28.11.2013 жауап берді
0 дауыс
1)13 сағат уктады,

2) біреуі ғана қырқылды

3)барлық ада 28 деген сан бар

4)ол түнгі қарауылғой, күндіз жұмыс істемейді

5)жаңбыр жауса қояндар болмайды

 

2)таздың

3)себебі ол ақымақ қой

4) ол қыздың көлеңкесі

5)аспанға лақтырғанда

6)4100

7)олар бір-бірінің тілдерін түсінбейді

8)мас адамға елестеген немесе қараңғыда фары жоқ машина жүрмейді!
Айкерим Галымжанова 21.04.2014 жауап берді

Өз жауабыңызды осында жазсаңыз болады!

Сіздің есіміңіз:
Құпиялық: Сіздің поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:

Алдағы уақытта модерациядан өтпес үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Сұрақ қою

104,138 сұрақ

268,231 жауап

145,060 пікір

48,034 қолданушы

...